"Үздік сынып жетекші -2026" байқауы аясында «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үздік сынып жетекші -2026" байқауы аясында «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы
13
февраль
2026

"Үздік сынып жетекші -2026" байқауы аясында «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы

Төле би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қанатбай Айдана Қожамұратқызы "Үздік сынып жетекші -2026" байқауы аясында «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыс бала тәрбиесіндегі өз рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Жиналыс барысында отбасының бала өміріндегі орны, ата-ананың үлгі-өнегесі, сөзі мен іс-әрекетінің маңызы жан-жақты талқыланды.
Ата-аналар баланың алғашқы тәрбиесі отбасынан басталатынын, мектеп пен ата-ана бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі білім мен тәрбие берілетінін атап өтті. Өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Қорытындылай келе, бүгінгі кездесудің басты түйіні – балаға ең үлкен ұстаз да, бағыт беруші де ата-ана екені. Ынтымақ пен түсіністік болған жерде ғана саналы, тәрбиелі ұрпақ өсетініне көз жеткіздік.
​​​