“Бала қауіпсіздігінің алдын алу ” тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Бала қауіпсіздігінің алдын алу ” тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
25
февраль
2025

“Бала қауіпсіздігінің алдын алу ” тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ✅ 
          💡Тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен білім ордасының бірлескен әрекетінде екені белгілі. Өйткені баланың басты ұстазы – ата-ана. Ой-санасы дамыған, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген  тәрбие мәселелері білім ордасын да, ата-ананы да әрқашан толғандырып келеді.
           Шу ауданы білім бөлімі Төле би атындағы орта мектебінде “Бала қауіпсіздігінің алдын алу ” тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста алғы сөзді мектеп директоры А.Т.Джангарашева алып, жиналысқа келген қонақтармен таныстырып, ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу,  бала қауіпсіздігінің алдын алу,  балалардың тәлім-тәрбиесінің дұрыс болуы ең басты отбасынан бастау алатындығын атап өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары - Султанбаев Найман  Кенжеханұлы,
Шу қаласы ардагерлер кеңесі төрағасы: М.Бейсенбаев, Шу қаласы әкім орынбасары Төленбиев Болатхан Бақытұлы баяндама жасады. 
Құрметті ата-аналар балалар біздің болашағымыз екенін әсте естен шығармайық.
Жиналыс барысында зорлық - зомбылыққа жол бермеу , бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету : бала үйде , көшеде , көлікте жалғыз қалғанда , оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірудің алдын алу және қатыгездік жасаудың алдын алу , баланы қолдауға бағытталған психологиялық кеңес , тренингтер жүргізу және баланы қоғамдық ортаға сай әлеуметтендіру арқылы азаматтық белсенділігін арттыру көзделді.