17
март
2023
"Жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде "Жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер : 1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілерін алдын алу
2. ЧВК «Редан» топ құру туралы. 3. Құқық бұзушылықтың алдын алу.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабының 1-тармағына сәйкес «Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау» қағидаларымен ата-аналар таныстырылды. Ата-аналар жұртшылығы арасында азаматтардың не баланың заңды өкілдерінің балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған кезде құқыққа қайшы әрекеттері орын алатын интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында уәкілетті органға өтінішпен жүгіну мүмкіндігі туралы ақпараттандырылды.