"Кибербуллинг туралы біз не білеміз?" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Кибербуллинг туралы біз не білеміз?" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
29
апрель
2020

"Кибербуллинг туралы біз не білеміз?" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шу қаласы,Төле би орта мектебі КММ. Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану мақсатында 5-11 сынып оқушыларына "Кибербуллинг туралы біз не білеміз?" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кибербуллинг адамды әлеуметтік желіде және мессенжерлерде қорқытып, зорлық көрсету.Кибербуллингке кез келген адам тап болуы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқанын ешкімге айтпайды. Тіпті шабуылшының айтқанынан шықпай, ата-анасына да айтпай жасырады.Бүгінгі күні әлемде болып жатқан СОVID -19 дертінің таралуы бәрімізді осы интернетке тәуелді қылды. Сол себепті балаларымыз қашықтықтан сабақ оқуда. Алайда барлығымыз балаларымыздың әлеуметтік желіде кіммен не туралы хат жазып отырғанын білмейміз. Сондықтан ата-аналарға айтарымыз: Балаларыңыздың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, әлеуметтік желіде отыруын қадағалап, балаларыңызбен жақын қарым-қатынаста болыңыздар!