адалдық дүкені ж/е амбассадорлармен,дұрыс тамақтану туралы мәлімет » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » адалдық дүкені ж/е амбассадорлармен,дұрыс тамақтану туралы мәлімет
24
апрель
2019

адалдық дүкені ж/е амбассадорлармен,дұрыс тамақтану туралы мәлімет

Шу қаласы,Төле би атындағы орта мектебіндегі
«Адалдық» дүкенінің жобасы туралы мәліметі
2019 –жылдың 9- cәуір айынан бастап Төле би мектебінде, балалармен жасөспірімдердің оңтайлы моральдық қасиеттерін нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Адалдық» дүкенінің жобасы ашылды. Бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитеттің қалыптасуына тікелей әсер етіп, қоғамда біртіндеп сенім ахуалын құруға және орта білім алушылардың өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік береді.










Шу қаласы , Төле би атындағы орта мектебіндегі Амбассадорлардың оқушылармен кездесуі туралы мәліметі 2018-2019 оқу жылы
Мектебімізде 2019- жылдың 19 – сәуір күні. Мектептің дене шынықтыру пәнінің Мұғалімдері КМС дәрежесіндегі еркін күрес шебері Сериков Талғат Сенгирбайұлы мен КМС дәрежесіндегі футболшы, баскетболшы,аудан облыс, жарыстарының жүлдегері Курамаев Серик Сагимбайұлы. Оқушыларға « Спортпен дұрыс тамақтану, денсаулықтың кепілі» тақырыбында баяндама айтып, оқушыларға спортта дұрыс тамақтану арқылы жеңіске жету жолдарын түсіндірді. Оқушылар арасында сұрақ- жауаптар алынды.Мектепте бастауыш сыныптар арасында спорттық іс-шаралар өткізілді.



Төле би атындағы орта мектебінде 1-10 сәуір дұрыс тамақтану
он күндігінде атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылы
1-10 сәуір аралығында дұрыс тамақтану он күндігі өткізілді. Он күндіктің мақсаты – мектеп қоғамын ақпараттандыру, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, сапалы тағамды тұтынып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.Онкүндік барысында жоспар құрылып, бекітілді.
1-11 сынып оқушылары арасында тамақтануға байланысты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Мектеп мейіргері Өктембай Д.
1-4 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану –заманауи өмір негізі», «Деұрыс тамақтану ережелері », 5,6,7,8 сыныптар арасында баяндама оқыды.
Әлеуметтік педагог «Дені саудың-жаны сау» 5-7 сыныптар арасында семинар-тренинг өткізу барысында баяндама оқыды,слайдтар көрсетіліп «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыбында түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Әр сыныптың ата-аналар жиналысында сынып жетекшілер балалардың дұрыс тамақтануы мен күнделікті дәруменге бай жемістер пайдалануын қадағалау керектігі туралы ақпараттар берді.
Асханада тамақтану кезінде мектеп мейіргері мен кезекші мұғалімдер балалардың қолды дұрыс жуып, дұрыс отыруларын, тамақтанғанда сөйлемеулерін, асты асықпай ішулерін қадағалап отырады.



адалдық дүкені ж/е  амбассадорлармен,дұрыс тамақтану туралы мәлімет
адалдық дүкені ж/е  амбассадорлармен,дұрыс тамақтану туралы мәлімет
адалдық дүкені ж/е  амбассадорлармен,дұрыс тамақтану туралы мәлімет

Похожие публикации:

12 апрель 2019 Дұрыс тамақтану
16 февраль 2019 Дұрыс тамақтану
08 февраль 2019 Ашық есік күні
26 ноябрь 2018 Ыстық тамақ