16
февраль
2024
Ата - аналар жиналысы
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде ақпан айының 16 ы күні Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу аудандың полиция бөлімінің бастығы Қойториев Дінмұхаммед Лашынбай және Шу қаласының әкімі Нұралиев Елдос Бекболатұлының қатысуымен жалпы ата аналар жиналысы өтті. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, интернетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі мәселелер бойынша еркін форматтағы кездесуде ата аналарға мәселелер бойынша біраз ақпараттар беріліп, сұрақтарға жауап берілді.