Ата аналар жиналысы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Ата аналар жиналысы

♻️ Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. 
♻️Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың өршіп бара жатқандығы тәрбиеден кеткен кемшілік екені белгілі. Құқық бұзушылықтағы өзекті болып тұрған мәселелер: кибербуллинг, ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, суицид, зорлық-зомбылық - бұл, қоғамның бет-бейнесіне айналды. 
♻️Осындай  мәселелерді қозғап, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Төле би  орта мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтылды.    Әкімшілік құқық бұзушылық заңнаманың кейбір баптарына тоқталып, қарастырылған айыппұл түрлерімен ата-аналарды таныстырды.