24
октябрь
2022
Ата аналар жиналысы
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде жоспарға сәйкес және Республика күніне орай жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің төрағасы Умралиев Н.Е. мен ата - аналар комитетінің төрайымы Жамашева Д.А.қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе 2022-2023 оқу жылындағы оқыту мен тәрбиенің ерекшеліктері туралы мектеп директоры Джангарашева Ардақ Толепбаевна сөз алды. Сонымен қатар, оқу жылы басталғалы атқарылған бірқатар жұмыстармен ата - аналарды таныстырып өтті.
Сонымен қатар, мектеп пен ата ана арасындағы келісім шарт, бала қауіпсіздігі, мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ДТІЖО Т.Н.Молдақұлова сөз алды.
Жиналыс соңында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан бірқатар балаларды мектеп формасымен қамтамасыз етіп жүрген жеке кәсіпкер А.Амирмухаммедұлы мен мектеп пен сынып өмірінде белсенділік көрсетіп, тәрбие саласында өз үлестерін қосып жүрген ата - аналарға алғыс хат беріліп, марапатталды.