"Соңғы қоңырау"
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебі. Құрметті әріптестер! Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Әрине, биылғы оқу жылы бәрімізге оңай болған жоқ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «қашықтықтан оқыту» енгізіліп, жаңа жүйеге көшіп, уақыт талабына сай іс шаралар жүзеге асырылды. Соған қарамастан, біз оқу жылын ойдағыдай аяқтадық. Құрметті түлектер! Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыңдар.