«Төле би» мектепішілік ақпараттық-әдістемелік журналы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төле би» мектепішілік ақпараттық-әдістемелік журналы
03
март
2025

«Төле би» мектепішілік ақпараттық-әдістемелік журналы

2024-2025 оқу жылының қараша айынан «Төле би» атауын иеленген мектепішілік ақпараттық-әдістемелік журнал жарық көруде. 
      Журналдың мақсаты: 
• үздік ашық сабақтар мен белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдануды жариялау арқылы жас мамандарға әдістемелік көмек беру;
• мектебімізде өтіп жатқан үздік іс-шаралар, оқушы жетістіктері туралы ақпарат беру; 
• оқушылардың оқуға ынтасын арттырып,  зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытуға ынталандыру.
Журнал 4 бөлімнен тұрады:
1. Мақалалар
2. Ашық сабақтар
3. Мектепішілік іс-шаралар
4. Оқушы шығармашылығы мен жетістігі
       Әр деңгейдегі олимпиада, ғылыми жоба жеңімпаздары мен спорт пен шығармашылық шыңына шыққан дарынды оқушыларымызды журналдың басты бетіне шығарып, үлгі ету тәжірибесі – жас чемпиондардың мерейін үстем етіп, талмай еңбектенуге шабыттандырып, жеңіс шыңына шығуға ынталандыруда. 
       Журнал – тек ақпарат құралы ғана емес, мектеп өмірі мен оқушы жетістігінің жинағы болмақ.