“ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ - АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ” » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ - АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ”
04
май
2026

“ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ - АДАЛ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ”

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ - АДАЛ АЗАМАТ   ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ


Қайырлы күн, тамыз кеңесіне қатысып отырған қадірменді қонақтар,әріптестер баяндамамды оқуға рұқсат етіңіздер.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмалары негізінде тәрбие бағытында жаңа серпін пайда болды. Өскелең ұрпақтың тәрбиесін күшейтуге қоғам болып атсалысуға бетбұрыс жасалынды. 

Білім беру шеңберінде білім алушылардың жалпыадамзаттық құндылықтары мен эмоционалдық интеллектін дамыту Абайдың «Толық адам», Шәкәрімнің  «Ар-ұждан», Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Жүсіп Аймауытовтың, педагогикалық мұралары, Ақселеу Сейдімбетовтың  қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеу және өз еліне қызмет ету жөніндегі   идеяларына негізделіп жүргізілуде.

Біз өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, салт-дәстүрлерді қастерлеу, өзін-өзі дамытуға және өз еліне қызмет етуге ұмтылу сияқты қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығын көріп отырмыз.  Бұл құндылықтар білім беру жүйесіне еніп, мектептің климаты мен мәдениетінде, білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлерінің мінез-құлқы мен көзқарасында көрініс табуда.Былтырғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырдық биыл

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 

2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы атауы 

өзгертілді

2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының  жаңартылған мазмұны негізінде жүзеге асырылады. Білім алушылардың академиялық адалдығын дамыту, білім беруді жақсарту үшін жасанды интеллектіні қолдану, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасауға баса назар аударылды. 

 Білім алушылар жыл бойы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру,  әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы, шығармашылық әлеуетін ашу, тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау, кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру арқылы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»; «Өнегелі 15 минут»; «Үнемді тұтыну»; «Күй күмбірі» , «Менің Қазақстаным»; «Аптаның дәйексөздері»; «Қауіпсіздік сабағы» апта сайын жүргізілуде сонымен қатар«Менің Қазақстаным» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні әр дүйсенбіде 1-ші  сабақ басталарда қойылады, оқушылар бірге орындайды. Аптаның дәйек сөздері сыныпта және мектеп дәліздерінде орналастырылды.

Енді мектебімізде іске асырылған жобаларға тоқталсам

«Шабыт»жобасы аясында ”Ұлттық мұра-асыл қазынам” атты мектебімізде этно-кабинет ұлттық нақышта жасақталды, сурет өнерінен ерекшеленген оқушымыз Алжан Айша Париж қаласында өткен”Таза табиғат” байқауына өз туындыларымен қатысып бірінші жүлделі орынға ие болса, Республикалық ”Атадан-мұра байқауына қатысқан оқушыларымыз Қайрат Маржан,Сатайбек Томирис бас жүлде, 250 000 тг сертификатын иеленді, жетекшісі Е.Диханбаевқа Турцияға тегін жолдама берілді.

Жоба аясында  аудан, облыс, республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған денешынықтыру пәнінің мұғалімі С.С.Құрамаев 14-тамыз күні Шу ауданына сіңірген еңбек үшін  төс белгісімен марапатталды.

«Еңбегі адал-жас өрен»жобасыБілім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқалы құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірнеше жоғары оқу орындары,құқық қорғау мекемелерімен бірлескен ынтымақтастық меморандум негізінде мектебімізде«Жас сақшы», «Педагогика»,«Смарт сарбаз»сыныптары ашылды.

«Smart bala»жобасыаясында мектебіміздедарынды оқушыларға арналған Х.Дулати атындағы университеттің Академигі Бұзаубақова Клара Жайдарбековна  атындағы Кіші академия ашылды және «Жас дарын»  оқушылардың ғылыми қоғамы құрылды. «Үздік ғылыми жобалар» республикалық байқауларында жоғары нәтижелер көрсеткен оқушыларымызға меморандум аясында Академик К:Ж:Бұзаубақова бір реттік степендия тағайындады

Жалпы білім беру ұйымдарында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіп қатерлердің алдын алу бағытында  «Қамқор» жобасы жүзеге асырылуда. 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын орындау мақсатында аудан әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы,Шу қаласының әкімі Нуралиев Елдос Бекболатович бастамаларымен жол бойына қала тұрғындар еріктілерін ұйымдастырып бір мезетте мыңдаған ағаш көшеттерін отырғызу акциясы жүргізілді,білім беру ұйымдарында көгалдандыру және ағаш отырғызу бағытында 5-11 сынып оқушылары   «Болашақты бірге отырғызамыз» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді,9 және 11 сыныптар арасында  мектеп аулаларында, көше бойында бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі ұйымдастырылып өткізілді. 

Сонымен қатар оқушыларды табиғатты сүюге баулу мақсатында мектебіміздің бірінші қабатында «Қысқы бақ», «Экомузей» ашылды. «Туған жерге қамқорлықпен» атты республикалық байқауға қатысқан мектебіміздің  экологиялық тобы бірінші жүлделі орын 900 000 тг сертификатына ие болды.«Бірге таза Қазақстан» жобасы аясында Астана қаласында президенттің қатысуымен сәуір айында өткен экофестивальға өзінің «GREEN SCHOOL»  жасыл мектеп ғылыми жобасымен қатысып 9-сынып оқушысы Оразалы Нұргүл, жетекшісі география пәнінің мұғалімі Джангарашева Ардақ Төлепбаевна Президенттің арнайы сыйлығы және министрдің  алғыс хатымен марапатталдық. 

 Білім келешегі:Адал азамат,кәсіби маман ұстаздардың республикалык президенттің қатысуымен Астана қаласында  өткен педагогтардың тамыз конференциясына спикер ретінде шақырылып“Құндылықтарға негізделген тәрбие адал азамат қалыптастырудың негізі”тақырыбындағы баяндамамды оқып шықтым.  Конференцияның көрмесіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Құндылықтарға негізделген тәрбие болашақ ұрпақтың түп қазығы”атты ұжыммен жазған жұмыстарымыздың жинақ кітабы қойылып .өз іс- тәжірибемнің нәтижелерімен бөлістім.Нәтижелі жұмысымыз республика көлемінде таратылды.Іс-тәжірибеммен бөліскенім үшін вице-министрдің сертификаты және алғыс хатымен марапатталдым.Осындай нәтижелі ұжымның еңбегін облыс көлемінде жүргізілген рейтинг қорытындысымен Төле би атындағы орта мектеп”ҮЗДІК ҚАЛА МЕКТЕБІ ”номинациясын жеңіп алды.”Елге сіңірген еңбек жақсы,еңбегіңді елеген ел жақсы” деп Обыс әкімі Қарашукеев Ербол Шырақпайұлының қолынан 1000 000 тг-ңСЕРТИФИКАТЫН иелендік

Мектеп табысты болуы үшін әрбір білім ордасы алдына қойған мақсатқа жетіп міндеттерді орындау үшін ұжым тынбай еңбектенуі қажет,  себебі адам қажырлы еңбегінің арқасында жетістіктерге қол жеткізеді.

 Әлем көшіне ілесіп жүретін ел емес,әлем көшін бастап жүретін ел болуға еңбектенуге баршаңызды шақырамын.