03
март
2021
Қиын бала болмайды
Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында Төле би атындағы орта мектебінде 3-сынып оқушыларымен АІІБ ЖПҚБ УПИ ЮПТ инспекторы А.Баймухамбетов «Ұрлық – түбі қорлық» тақырыбында дәріс өтті.
Мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін жас жеткіншектерге түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіре отырып, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, ортасын құру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету болып табылады. Тақырып аясында оқушыларға слайд, бейнеролик арқылы ұрлық жасаудың соңы неге әкеліп соғатыны көрсетілді. Сұрақ-жауап айдары кезінде оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мектеп инспекторы А.Баймухамбетов оқушыларға ұрлық жасаған адам заң жүзінде қалай жазаланатынын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде ұрлық деп өз пайдасына асыру мақсатында бөтеннің мүлкін қайтарымсыз, жасырын иемденіп алу екендігін айтып өтті. Ұрлық жасаған адам заң аясында түрлі жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.