Қиын бала болмайды » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2021

Қиын бала болмайды

Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында Төле би атындағы орта  мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Ұ. Искакова, А.Нұрбекова, Қ.Джампейсова «Күш көрсетпеу ережелері»  тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:   Отбасындағы  балаға қатысты  зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық зомбылыққа жол бермеу. 
Әдептілік адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы: уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.
Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен адамға орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн.Ол әдептіліктің белгісі болып табылады.
Үйде әжелерің, аталарың «Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала – нағыз әдепті бала.
Егде және сырт адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен әрі ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет. Зорлық-зомбылықты болдырмау үшін әдептілік ережелерін ұстану қажет екен. 

Похожие публикации: