23
апрель
2021
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану мақсатында оқу-жаттығу
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде 23.04.2021ж. ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характер аясында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану мақсатында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді. Жаттығуға мектептің 1 ауысымда білім алатын оқушылар мен ұстаздар және техқызметкерлер қатысты. Талап қойылған нормативқа сәйкес мектеп қабырғасынан оқушылар мен қызметкерлер шығарылды және баршасы сапқа тұрып мектеп директорына пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері рапорт берді. Оқу-жаттығу іс-шарасы өз мақсатына жетті. 










