"Қыз Жібек" клубы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2022

"Қыз Жібек" клубы

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде тәрбие жоспарына және  «Қыз Жібек» қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес, медицина мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қалалық емхананың акушер- – гинекологы Г.Қ.Жақсыбаева,  Шу аудандық жастар репродуктивті оралығының меңгерушісі  Е.А.Оспанова, қалалық әкімшіліктің бас маманы Н.Дильдан мен  8-сынып қыз балалары қатысты. Кездесуде қыз балаларға «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылды. Гинеколог Гүлсім Қалдарбекқызы  қыз балаланың ағзасындағы өзгерістер туралы, жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.  Есен Алмешқызы қыз балалармен аталған тақырыпта ашық әңгімелесіп, қойған сұрақтарына жауап берді. Әйелдер қауымының денсаулығы - бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді.

Похожие публикации:

09 сентябрь 2022 Отбасы күні