24
апрель
2023
"Қылмыс түбі- жаза" тақырыбында дәріс өткізді.
Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында Төле би атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен ДҚТІЖО: А.Имашева және мектеп психологы: З.Алиева "Қылмыс түбі- жаза " тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету. Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауттылығын арттыру мақсатында, ҚР қылмыстық кодекс баптары бойынша дәріс берілді. ҚР ҚК-нің VI “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі” тармағының нормаларын саралай келе, он сегізге толмаған тұлға қылмыс жасағанда, оны міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтып өтті. Құқық бұзушылықты болдырмау, құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзбау, тыйым салынған әрекеттерді жасамау қажеттілігі бойынша ескертіліп айтылды.