Бастауыш сынып айлығының жабылу салтанаты » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып айлығының жабылу салтанаты
30
апрель
2025

Бастауыш сынып айлығының жабылу салтанаты

Төле би атындағы орта мектебінде 30-сәуір күні Бастауыш сынып айлығының жабылу салтанаты өтті. Айлық барысы оқушылар үшін өте пайдалы әрі қызықты өтті. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін көрсете алды. Әсіресе, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы ерекше байқалды. Олар түрлі байқаулар мен іс-шараларға қуана қатысты, өз күштеріне сенім арта бастады.
Мұғалімдер үшін бұл айлық – оқушылардың мүмкіндіктерін жаңа қырынан тануға, дарынды балаларды анықтауға үлкен мүмкіндік болды. Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз байланыс орнап, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нығая түсті. Нәтижесінде түрлі байқауларға қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілді. 
Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі өткізу – оқушылардың дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін.
https://www.facebook.com/share/p/1BiYWiSD11/