1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Тегі басқа-теңдігі бір” атты мерекелік концерт » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Тегі басқа-теңдігі бір” атты мерекелік концерт
30
апрель
2025

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Тегі басқа-теңдігі бір” атты мерекелік концерт

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Төле би атындағы орта мектебінде жүрекке жылы, көңілге қуаныш сыйлаған“Тегі басқа-теңдігі бір” атты мерекелік концерт өтті. Бұл күн – сан ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірген елдің татулығы мен достығының айқын көрінісі.
Концерт барысында 5-сынып оқушылары түрлі ұлттардың мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық би мен ән арқылы көпұлтты Қазақстанның әсем бейнесін сахна төрінде бейнеледі. Әрбір өнер туындысы — бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен бауырмалдықтың жарқын үніне айналды.
Мерекелік кеште Ұлттық киімдер, шынайы қойылымдар, шеберлікпен орындалған өлең-жыр мен көріністер көрермендерді тәнті етті. Бірлік ұранымен өрілген кештің әр сәті жүрекке жылы тиіп, көрермендерді патриоттық рухқа бөлеп, ерекше әсерге бөледі.Сонымен қатыр 3- сыныптарды "Жас Қыран" мен 7-сыныптарды "Жас Ұлан" ұйымына қабылданып, сертификаттары табысталды.Ұйымға қабылданған оқушылармызды құттықтаймыз!
https://www.facebook.com/share/p/16JETdtUS7/