01
сентябрь
2025
1- қыркүйек – Білім күніне арналған "Мектебім – мейірім мекені" атты алғашқы қоңырау
Бүгін Төле би атындағы орта мектепте 1- қыркүйек – Білім күніне арналған "Мектебім – мейірім мекені" атты алғашқы қоңырау салтанатты жоғары деңгейде өтті!
Мерекелік шарамыздың қадірлі қонақтары – Полиция подполковнигі Болат Аманұлы мен Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нүркен Ержанұлына алғысымыз шексіз. Қонақтар жас түлектерге ақ тілектерін арнап, жаңа оқу жылының сәтті басталуына тілектестігін білдірді.
– Алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары қоңырау соғып, ерекше көңіл-күй сыйлады;
– Мемлекеттік Ту көтеріліп, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі артты;
– Спорттан жүлделі орын алған оқушылар мен ұстаздар салтанатты түрде шеру жасап, мектеп жетістігін паш етті.
Алғыс сөзді білім ордасының кемеңгер басшысы Ардақ Төлепбайқызы алып, алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ізгі тілегін арнады.
Кішкентай бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз! 
Жаңа оқу жылы – жаңа белес, жаңа жетістіктерге толы болсын!
https://www.facebook.com/share/v/1BbBPpkzxP/