06
февраль
2026
Оқушылардың өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсиясы
7 «Г» сынып оқушыларының өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсиясы
Өлкетану үйірмесі аясында 7 «Г» сынып оқушылары педагог-ұйымдастырушы Динара Сұлтановнаның жетекшілігімен өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың жұмыс істеу тәртібімен танысты. Қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау жолдары туралы маңызды мағлұматтар алды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың туған өлкенің маңызды қызмет салаларымен танысуына мүмкіндік беру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Танымдық әрі әсерлі өткен экскурсия оқушылардың қызығушылығын оятып, мамандық таңдауға деген алғашқы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.facebook.com/share/p/1AFzkqQV8S/