Қамқорлық акциясы 2019 ж » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқорлық акциясы 2019 ж
08
февраль
2019

Қамқорлық акциясы 2019 ж



Бұйрықтан көшірме №
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебінің КММ
11.01.2019ж
«Қамқорлық» республикалық
акциясын өткізутуралы

Қазақстан Республикасының Білім заңының 1-ші тарау 6 баптағы 3-ші тармақтың 2-ші тармақшасы, 1-ші тарау 8 баптағы 2-ші тармағы және 2017-2019жоспары негізінде.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы11қаңтардағы №10 бұйрығына сәйкес.



БҰЙЫРАМЫН:

Шу қаласы,Төле би орта мектебінде 2019 жылдың 10-қаңтар-10 ақпан аралығында әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған,көп балалы,тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мекттеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу,сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдердің,аяқ киімдердің,мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілсін.
Мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт саббаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуін айқындау үшін мектепке бекітілген шағын аудан бойынша үйлерді аралап,анықталған балалардың тізімін жасау директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Б.Досмамбетоваға жүктелслсін.
Айлық шеңберінде қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында рейдтер өткізу, дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды анықтау жұмыстарын жүргізу директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары А.Имашеваға жүктелсін.
Акция барысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттағы балаларға көмек көрсету үшін жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмекке сұраныс беру,мемілекеттік органдардың, бизнес құрылымдары өкілдерін,меценаттар мен демеушілер тарапынан көмек қарастыру әлеуметтік педагог М.Азимкуловаға жүктелсін.
Акция қортындысы бойынша ақпаратты Аудандық білім бөліміне әрбір 10 күн сайын (15 қаңтар,25қаңтар,5 ақпан) және қортынды ақпаратты 2019 жылғы 5 ақпанда өткізуді, «Қамқорлық» акциясы туралы мақаланы аудандық БАҚ-да жарялау әлеуметтік педагог М.Азимкуловаға жүктелслсін.






«Қамқорлық» акциясының өту барысын қадағалау мақсатында төмендегі құрама штаб құрылсын;

Штаб басшысы:

Қ.Т.Қадыр-мектеп директоры

Мүшелері:

1.Джумагазиева З.Ж.-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2.Досмамбетова Б.М.-директордың бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары
3.Азимкулова М.Ж.-әлеуметтік педагог
4.Абильгазинова Г.Н.-кәсіподақ ұйымының төрайымы

Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Джумагазиеваға жүктелсін.





Мектеп диреторы: Қ.Т.Қадыр
























«Бекітемін»
Төле би атындағы орта
Мектеп директоры:
___________Қадыр Т.Қ.
«___» _________2019ж



Шу қаласы,Төле би атындағы орта мектебіндегі «Қамқорлық»
қайырымдылық акциясының іс-шара жоспары
2018-2019 оқу жылы

№ Атқарылған іс-шаралар Мерзімі Жауаптылар
1 «Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспарын құрып бекіту. Қаңтар М.Азимкулова
2 Мектеп территорясына акция туралы хабарландыру ілу. Қаңтар М.Азимкулова
3 Аз қамтылған отбасы балаларының тізімін анықтау. Үнемі М.Азимкулова
4 Акция барысында мектепке қажетті заттарға мұқтаж балаларға көмек көрсету. Акция барысында З.Джумагазиева
М.Азимкулова
5 Демеушілік тарапынан көмек қарастыру. Акция барысында Мектеп әкімшілігі
6 Мектепке 0-18 жас аралығындағы балаларды тіркеу және оқумен қамту. Апта бойы Б.Досмамбетова
7 «Қамқорлық» акциясын өткізу. Акция барысында З.Джумагазиева
М.Азимкулова
8 Мектепке бекітілген көшелерде,қоғамдық орындарда кешкілік рейдтер жүргізу. Кесте бойынша А.Имашева
9 Әлеуметтік аз қамтылған балалардың ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау. Үнемі М.Азимкулова
10 Акцияның қортындысы туралы мәліметті аудандық білім бөліміне мәләмет беру. 10.02.2019 М.Азимкулова
11 Аудандық шу өңіріне жарялау. 23.01.2019ж. М.Азимкулова



Әлеуметтік педагог: М.Азимкулова







«Бекітемін»
Төле би атындағы орта
Мектеп директоры:
___________Қадыр Т.Қ.
«___» _________2019ж


Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде 2019 жылдың
10қаңтар-10ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясының
өту барысын қадағалау үшін құрылған штаб құрамы

Штаб басшысы: Т,Қ.Қадыр
Мектеп директоры

Штаб мүшелері:
З.Ж.Джумагазиева


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары\


Б.М.Досмамбетова
Директродың бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары


И.К.Иембергенова
Әлеуметтік педагог


Г.Н.Абильгазинова
Кәсіподақ ұйымының төрайымы









Әлеуметтік педагог: М.Азимкулова