💐💐 “ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ!”💐💐 » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 💐💐 “ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ!”💐💐
05
октябрь
2024

💐💐 “ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ!”💐💐

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы!
Төле би орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай “Ұстаз - ұлы есім!” тақырыбында ұстаздар күніне орай  мерекелік кеш өткізілді.Кеш барысында мектеп директоры А.Т.Джангарашева ұстаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, ең жоғарғы мәртебе “Ы.Алтынсарин”атындағы төсбелгімен марапатталған ұстаздарды және бірқатар ұстаздарды марапаттады! Жыл қорытындысы бойынша “Орта білім беретін үздік ұйым” сертификатын да ұжымға табыстады! Қонақ ретінде ардагер ұстаздарымыз Искакова Ұ.Т., Даулеткулова К.К. шақырылды. Мерекемен құттықап 2007 жылғы түлегіміз, әнші, асаба Нұрсұлтан Сансызбаев келіп, ұстаздарын мерекемен құттықтап ән шашуын тарту етті. 
Кеш 11 сынып оқушыларының Ұстаздарға деп арнаған әсем әндер шырқалып, биден шашу шашылды.
#ұстаздармерекесі