02
апрель
2025
«Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбындағы семинар
Аудандық көлемде «Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада шығармашыл оқушыларымыздың кітаптарының тұсауы кесілді.
Жас қаламгерлер өз кітаптары туралы таныстырылым жасады. Меделбай Асфендияр «Ұшқын» кітабы туралы ақпарат беріп, жетекшісі Гүлжан Сабденқызына алғысын білдірді. Қылқалам шеберлері: Мұсабаева Айдана мен Мырзахан Амина комикс жанрындағы «Қойшы батыр» ертегі кітабымен таныстырды. Нағима Нағашбекқызының шәкірті Тұрсынбек Әнел «Шабыт...» кітабының таныстырылымын жасап, құндылығын атап өтті. Айгүл Төлепбайқызының шәкірттері: Талғатқызы Сезім «Ғибрат», Асет Айару «Асыл сөз», Бейсенғали Айкен «Өнерпаз болсаң, арқалан», Заурбек Аянат пен Әліш Елдана «Көркемсөз – жанның сәулесі» кітаптарының таныстырылымын жасап, бағыт берген ұстаздарына алғыстарын білдірді. Гүлназ Мұратханқызының шәкірті Нысанбек Балауса өзінің шығармашылық суреттерін көрсетіп, әңгіме, ертегі, поэманың шарықтау шектері, яғни қызықты тұсы бейнеленген суреттер арқылы оқырманды кітап оқуға тартуға болатындығын айтып, «Шуақ» кітабымен таныстырды.
АББ-нің әдіскері Айсұлу Қуантайқызы, мектеп директоры Ардақ Толепбаевна, Батима Мұрабайқызы, Салтанат Қонысбаевна, Нұрсұлу Адиловна, Ләззат Бұзаубайқызы, Раушан Сейткеримовна, Жұмакүл Тоқтаубаевнаға тұсау кесу рәсімін орындау құрметі берілді.Жас қаламгерлердің әжелері шашу шашып, жылы лебіздерімен бөлісті.
Іс-шара соңында кітап авторларына мектеп директорының сертификаты табыс етілді. Жас қаламгерлерімізге – шығармашылықтарының шыңдала беруін тілейміз.

