ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА АШЫЛҒАН «ДУЛАТИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫБЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА АШЫЛҒАН «ДУЛАТИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫБЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА
03
февраль
2025

ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА АШЫЛҒАН «ДУЛАТИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫБЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы өзара ынтымақтастық жасау бойынша меморандум негізінде  «М.Х.Дулати педагогикалық сыныбы» болашақ педагог мамандығын таңдаған  оқушылармен жұмыс жүргізілуде . 
        Педагогикалық сынып жұмысын жүзеге асыру мақсатында нақтыланған мектеп ұжымымен бірлескен жоспар негізінде жұмыстар жүргізіліп келеді.  Мектебіміздегі тәжірбиелі, білікті ұстаздарымен аталмыш сынып  оқушылары арсында кездесу ұйымдастырылды.  
Мақсаты: мектебіміздегі тәжірбиелі, білікті ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айқандай "Ұстазды алтын діңгекке балар едім" дегендей ұстаздар тарихтағы ең ұлы істің бірі. Шындығында, мұғалім ісі сыртай қарапайым болғанмен, ұлағатты ұстаз мәртебесі кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Мектебіміздің озат ұстаздарымен кездесу жүргізілді. Білім берудің барлық сатыларынан өткен, тәжірибелі мұғалім оқытушы ұстаздардың ұстазы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегелері, физика пәнінің мұғалімі Абаева Шамша Тулегеновна, тарих пәнінің мұғаімі Аймамбетова Ақмарал  Еркеновна және "Үздік педагог", талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген білікті маман,  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кулмахамбетова Гүлжан Сабденовналар қатысты.    Тәлім-тәрбиесі мол ғибратты әңгімелерімен қоса, жас мамандарға ақыл-кеңестерін айта отырып, алғыстарын білдірді. Кеңпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелейтін кездесуде  ұстаздарымыз  өз ойларын кеңінен ортаға салды.
















Похожие публикации: