Асханада «Ашық есік» күні өтті
Асханада «Ашық есік» күні өтті
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 6 қыркүйек күні мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастылырылды.
Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау.
Мектеп бойынша 169 аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Тегін ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты ДТІЖО Т.Молдақұлова, әлеуметтік педагог А.Карбаева, медбике А.Болат, ата-ана комитетінің төрайымы Н.Айхынбаева, ата-аналар П.Елікбаева, Ж.Шокалаковамен бірге мектеп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы, санитарлық талаптардың орындалуы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен танысып шықты.