15
май
2025
Отбасы күніне орай ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап көрсету, мектеп ата-ана ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Жасөспірімдер арасында жалпы қауіпсіздіктің алдын алу» тақырыбында ағымдағы жылдың 15-мамыр күні Төле би атындағы орта мектебінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Алғы сөз
Мектеп директоры: А.Т.Джангарашева
2. Төле би атындағы орта мектебінің 2024-2025 оқу жылында тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі.
“Бала тәрбиесі және қауіпсіздігі -баршаның ісі”
“Жалпы қауіпсіздіктің алдын алу негіздері”
ДТІЖО: Имашева А.Ж.
3. Оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу
Мектеп инспекторы: М.Кусаинов
4.Мектеп формасы туралы
ДТІЖО:А.Ж.Имашева
Сенімен болашақ меморандумы ненізінде “Менің бақытты отбасым” марафоны мектебімізде екінші жыл жалғасын табуда. Марафон 10 кезеңнен тұрып, 10 отбасы қатысып, 6 отбасы жүлделі орындармен марапатталды.
Бас жүлде: Бижановтар отбасы
І- орын: Бойдақовтар отбасы
ІІ- орын: Бердышалиевтер отбасы
ІІІ-орын: Немертовтар отбасы
ІІІ-орын:Исмаиловтар отбасы
ІІІ-орын: Каримовтар отбасы
Аталған отбасылар Шу ауданының ардагер ұстазы Токтабулатова Рая Смагуловна атындағы сыйақымен марапатталып, сыйлықтар берілді.








