«Үздік сынып жетекшісі-2026» байқауы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік сынып жетекшісі-2026» байқауы
10
февраль
2026

«Үздік сынып жетекшісі-2026» байқауы

 Шу қаласы Төле би атындағы орта мектептің Бастауыш сынып жетекшілері арасында өткен «Үздік сынып жетекшісі-2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Байқаудың ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күймен басталып, ұстаз мамандығының мәртебесін арттыратын жүрекке жылы сөздермен өрбіді. Бұл бөлім қатысушыларға шабыт беріп, байқаудың маңыздылығын айқындай түсті.
1-кезең. Таныстыру кезеңінде әр сынып жетекшісі өз педагогикалық ұстанымын, кәсіби жетістіктерін және сыныппен жұмыс ерекшеліктерін шығармашылық тұрғыда көрсете білді. Қатысушылардың өзіндік стилі, жаңашылдығы мен креативтілігі айқын байқалды.
2-кезең. Сахналық көрініс бөлімінде ұстаздардың актерлік шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті және тәрбиелік мәні жоғары мазмұн ұсыну деңгейі көрінді. Көріністер арқылы қазіргі білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелер мен құндылықтар әсерлі жеткізілді.
Жалпы байқау тәжірибе алмасуға, шығармашылық шабыт алуға және педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал етті. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың беделін арттырып, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жауапкершілігін нығайта түседі.

​​​