20
август
2025
ОБЛЫС БОЙЫНША «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» АТТЫ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Жамбыл облысында білім саласының басты бағыттары талқыланған маңызды жиын өтті.
Басқосуға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Оқу-ағарту бірінші Вице-министрі Майра Мелдебекова, Мәжіліс депутаттары, білім саласының ардагерлері қатысты. Дәстүрлі ұстаздардың тамыз конференциясында білім беру ұйымдарының қызмет сапасы мен тиімділігін бағалау нәтижелері жарияланып, үздік шыққан мекемелер арнайы марапаттарға ие болды.
Шу қаласы Төле би атындағы біздің мектебіміз «Үздік қала мектебі» номинациясы
1 000 000 теңге сертификаты берілді.
Біздің Төле би атындағы орта мектеп үлкен жетістікке қол жеткізді!
Бұл — бүкіл мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің, ұстаздарымыздың кәсібилігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ басшымыздың дұрыс бағыттағы басқару жұмысының нәтижесі деп білеміз.
Алдағы уақытта да шәкірттеріміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, білім мен тәрбиені қатар алып жүретін үздік білім ордасы болуға уәде береміз!