17
февраль
2026
Асхананың санитарлық жағдайына бақылау – ашық есік күні 🍽
Мектебімізде асхананың санитарлық жағдайын бақылау мақсатында ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға ата-аналар қатысып, мектеп асханасының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Ашық есік барысында асхананың тазалығы, азық-түліктердің сақтау талаптары, жарамдылық мерзімдері, санитарлық нормалардың сақталуы назарға алынды. Ата-аналар ас әзірлеу процесін бақылап, қойылған сұрақтарына нақты жауап алды.
Сонымен қатар ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын пікірлер мен ұсыныстар журналына жазып қалдырды. Бұл өз кезегінде мектеп пен ата-ана арасындағы ашықтықты арттырып, сапаны одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.
Шараны әлеуметтік педагог Ашимбекова ұйымдастырды. Мұндай бірлескен бақылау жұмыстары балалардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануына жағдай жасап, сенімді ынтымақтастықты нығайтады.