Төле би атындағы орта мектебінде маңызды кездесу өтті!
Бүгін мектебімізде педагогикалық сынып оқушыларымен ерекше кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің басты қонағы – мектеп директоры Ардақ Төлепбаевна болды.

Директорымыз өз сөзінде оқушыларды педагогика саласына қызығушылық танытуға шақырып, болашақ мұғалім ретінде өздерін жан-жақты дамытуға бағыт берді. Ұстаздық жолдың маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы ой қозғап, жылы мотивация сыйлады.

Педагогикалық сыныптың негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдерді даярлау, оқушылардың педагогика саласына деген қызығушылығын арттыру екені кеңінен түсіндірілді.

Кәсіптік бағдар беруші Муканова К.М. оқушыларды педагогикалық сыныптың оқу жоспары және жетістіктерімен таныстырып, алдағы мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.

Бұл кездесу – болашақ ұстаздарға үлкен шабыт сыйлап, олардың таңдаған жолына деген сенімін нығайтты.