Іс-шаралар » Страница 30 » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
01
сентябрь
2022
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс-шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету, қажетті іс-қимылдарды үйлестіру және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында қыркүйектің бірінші күні мектебімізде Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді. Жиын өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан құрметті
Менің сүйікті жануарым"
20
апрель
2022
Менің сүйікті жануарым"
Жаратылыстану пәндері айлығында  2-сыныптар арасында өткен "Менің сүйікті жануарым" атты  бейнеролик сайысы өтті. Оқушылар өздерінің жақсы көретін жануарларына  деген қамқорлықтары мен мейірімділіктерін бейнеролик арқылы жеткізді. Ең үздік бейнероликтер мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Қиын бала болмайды"
07
апрель
2022
"Қиын бала болмайды"
Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында  Төле би атындағы орта мектебінің 8-11 сынып  оқушыларына Шу АІІБ-нің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты А.Байбухамбетов  «Құқықтық жауапкершілік»  тақырыбында  дәріс жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім бере отырып,  кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстық құқықбұзушылық санын азайту, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, оқушыларға заң талаптарын түсіндіру.       Дәріс 
Жаратылыстану пәндері айлығы басталды.
01
апрель
2022
Жаратылыстану пәндері айлығы басталды.
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде 1сәуір мен 30 сәуір аралығында өткізілетін "Жаратылыстану пәндері айлығы" басталды. Айлықтың ашылу салтанатында "Қызық екен" интеллектуалдық ойыны жүргізіліп, оқушылар жаратылыстану пәндеріне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп сыйлықтарға ие болды. География және химия пәні мұғалімдері қызықты тәжірибелер көрсетіп оқушылардың химия, биология, география пәндеріне деген қызығушылығын арттырды. 
"Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы"
17
март
2022
"Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы"
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде 17.03.2022 жылы мектеп директоры Т.Қ.Қадырдың мұғалімдер ұжымымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кездесуі  өтті. Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бастамалары талқыланып,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.