“Қош келдің, Жаңа жыл!” » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қош келдің, Жаңа жыл!”
23
декабрь
2024

“Қош келдің, Жаңа жыл!”

Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты ертеңгіліктері желтоқсанның 23-27 аралығында өткізілді. Мектеп директоры А.Т.Джангарашеваның құттықтау сөзімен басталды. Ол үшін мектебіміз бойынша арнайы жоспар жасалып, кесте бойынша барлық еретеңгіліктер өтті. Мектебіміздің спорт залында әсем шырша маңында мектеп белсенділері көңілді әндерімен балаларды қарсы алып, Аяз Ата мен Ақша Қар балаларға сыйлықтарын таратып, қызықты бағдарламаның куәсі болды. Жаңа жылдық кейіпкерлер оқушылармен бірге ән айтып, билеп көңіл көтеруге атсалысты. Ертеңгілік барысында жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар ортаға шығып, мерекеге сай әдемі безендірілген шыршаның шырағын жаққызды. Жасыл шырша жанында көңілді шарлар, келе жатқан жыл басы - жылан, ұлу , қоян, Малифисента, фиксики секілді ертегі кейіпкерлері жиналып, мерекелік кештің көркін қыздырды. Оқушылар да өз өнерлерін салып, аяз атадан тәтті сыйлықтар алды.