Бастауыш сынып айлығының жабылу салтанаты
Төле би атындағы орта мектебінде 30-сәуір күні Бастауыш сынып айлығының жабылу салтанаты өтті. Айлық барысы оқушылар үшін өте пайдалы әрі қызықты өтті. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін көрсете алды. Әсіресе, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы ерекше байқалды. Олар түрлі байқаулар мен іс-шараларға қуана қатысты, өз күштеріне сенім арта бастады. Мұғалімдер үшін бұл айлық – оқушылардың мүмкіндіктерін жаңа қырынан тануға, дарынды